НАСИХАТТАУ  ЖҰМЫСТАРЫ

НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ

2018 жылдың 23-24 сәуірі аралығында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А.Булавкинаның және білім бөлімі бастысы м.а. Д.К.Ибраимованың Абай облысындағы жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен «Абай облысының оқу орындарында жоғары білім алу: мүмкіндіктері мен келешегі» атты жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа  жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссиясы мүшелері қатысып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Семей қаласының мемлекеттік медицина университетіне келуші талапкерлердің ата-аналары университет туралы алдын-ала дайындалып, таратылған материалдарды қарастырып толық ақпараттар  алды. Университте атқарылып жатқан жұмыстармен таныса келе болашақта  ата-аналар балаларының жан-жақты білім алуға мүмкіндігі бар екендігіне көздерін жеткізді.Ұйымдастырушылар мен ата-аналар  университет ұжымына ризашылықтары мен  алғыстарын   білдірді.

 

 Қазақ және латын тілдері кафедрасының

 оқытушысы,  мемлекеттік тіл маманы:   Ш.Б.Кадирсизова

Жарияланды: