«Ынтымақ – достық кепілі» тәрбиелік сағат

«Ынтымақ – достық кепілі» тәрбиелік сағат

2018 жылдың  сәуір айының  27-і  күні жалпы медицина мамандығы бойынша білім алатын 3-курстың, 302, 317 топ студенттерімен тәрбиелік сағат өтті. Тәрбиелік сағаттың тақырыбы: «Ынтымақ – достық кепілі».

Тәрбие сағаттың Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін студенттерге жеткізу; ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу

«Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз…

Тату елге тыныштық орнайды, бейбiт елде ғана береке болады…»

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

«Бірлік бар жерде бақыт бар», «Ынтымақ-достық кепілі», Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөздер. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз. Біздің Отанымыз- Қазақстан. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел.

Жергілікті ұлт – қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай, барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. Ынтымағы барша ұлттың Нұрын шашқан күн.

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Топ жетекшілері: Шакабаева  А. А.,  Маратов А. Ә

ЖМ 302, 317 -топ студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар