Оқу үрдісіне«Стандартты науқас» технологиясын енгізу.

Оқу үрдісіне«Стандартты науқас» технологиясын енгізу.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы көптеген ақпараттық – инновациялық технологиялармен толысып келеді. Семей қ. ММУ стоматологиялық пəндер кафедрасында фантомды класс жұмыс істеуде, ол арқылы студенттер арнайы симуляциялық құрал-жабдықтарда әртүрлі медициналық манипуляцияларды жүргізуге мүмкіндік алды. Дегенмен, симуляциялық құрал-жабдықтарды қолдану шынайы өмірдегі медициналық тәжірибемен сәйкес келе бермейді. Атап айтсақ, анамнез жинау, сыртқы қарау және коммуникативті дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік бермейді. Симуляциялық оқытудың қазіргі бағыттарының бірі – стандартталған науқас әдістемесін қолдану болып табылады. Осы орайда, болашақ дәрігерлерді дайындау стандартталған науқастарды қатыстыру арқылы, ойын түрінде өтеді. Бұл әдістемені Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университетінің стоматологиялық пәндер кафедрасы белсенді түрде қолдану үстінде. Оқытушылардың жəне студенттердің айтуынша, бұл әдіс болашақта жоғары дәрежелі, білікті дәрігер-стоматолог мамандарды даярлауға үлкен септігін тигізеді.

Ақпаратты дайындаған ассистент Калиханова Қ.Е.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі