«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ»

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ»

2018 жылдың 27-ші сәуірінде  ақпараттық- коммуникациялық технологиялар пәнінің оқытушысы А.Б. Букатаеваның ұйымдастыруымен кредиттік оқу жүйесі, стоматология мамандықтарының топтары арасында Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне орай № 3 жатақханада мерекелік шара өткізілді. Осы шараға ақпараттық- коммуникациялық технологиялар пәнінің оқытушылары К.Т.Кусаинова, Г.К.Токабаева және Ә.Д.Ғалымова  101, 102, 103, 104, 105-ші, қоғамдық денсаулық сақтау мамандығығының 101-ші,  фармация мамандығының 101-ші және мейірбике ісі мамандығының 101-ші кураторлық топтарымен белсене қатынасты.

Әр топ қазақ, өзбек, орыс, украин, корей, түрік, француз, үнді халықтарының ұлттық салт- дәстүрін, өнерін, ұлттық тағамдары мен киімдерін жиналған қауымның назарына ұсынды. Шарада қазақтың сырға салу, түріктің қыз ұзату, өзбектің Фатиха-туй салт-дәстүрлері көрсетілді, орыс, корей, өзбек халқының мәдениетін ұсынған әр топ студенттері өзінің ұлттық биімен көрермендерді баурап алды. Түрік және француз тілдерінде бірнеше өлең айтылды. Шараның әділқазылар алқасының мүшелері: кредиттік оқу жүйесі, стоматология деканының орынбасары А.С. Дюсембаева, қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Д.М. Рыманов және анатомия пәнінің аға оқытушысы М.М.Мукашеваның қатысуымен шара соңында қатынасқан топтар әр номинация бойынша мадақтамамен марапатталды. Әр топ студенттері шараға белсене қатынасып, мереке қызықты өтті.

 

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Букатаева А.Б., аға оқытушысы Кусаинова К.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір