БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ

28 сәуір  2018 жылы  жалпы медицина мамандығының 121 топ студенттері  кураторы Б.Ә. Жоргатаевамен бірге   1  мамыр  –  Қазақстан Халықтарының бірлігі  күніне орай «Бірлік түбі-береке » атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.Тәрбие сағаттың мақсаты  –  Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу. Кураторлық сағатта 1 мамыр мерекесінің өзіндік ерекшелігі жайлы тың ақпараттар айтылып, достық туралы мәнерлеп өлеңдер оқылды. Сонымен қоса, Серікбек Анар «Балбырауын» күйін  тартып, қатысушылармен бірге «Жаса қазақ» өлеңі орындалды. Тәрбие сағатына  қазақ және латын тілдері  кафедрасының оқытушылары да  қатысып, «жүректен –жүрекке» ойыны арқылы  бір – біріне береке-бірлік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Семей қ. мемлекеттік медицина университетінің ұжымын және    студенттерді 1 мамыр мерекесімен құттықтаймыз! Елімізде ұлтаралық  татулық берік болып, ынтымақ, бірлік  бола берсін.

                   

 Қазақ және латын тілдері кафедрасы,

 121 топ кураторы Б.Ә. Жоргатаева.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір