02.05.2018ж. қалалық мәдениет сарайында Shakarim Creative Corporation» ұйымы мен «Семей жастар Ассамблеясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ЖОО арасында «Үздік студенттер үйі-2018» сайысы өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты студенттерді қоғамдық өмірге белсене араластыру, студенттер үйі тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау. Сайыстың өткізілу кезеңдері: таныстыру, ситуациялық сұрақ, «Жатақхана өмірі студенттің көзімен» видео көрінісі.
Сайысқа дайындық шаралары университеттің №1,3,7 жатақханаларына жауапты декан орынбасарларының тікелей басшылығы негізінде жүргізілді. Команда құрамы жатақханада тұрып жатқан «Жалпы медицина» мамандығының 1, 2, 3 курс студенттерінен құрылды. Топтың жұмыла шығармашылықты жұмыс істеуіне үлкен ықпал етке 3 курс студенттері Қинаят Самат, Торайбаев Заңғар, Есенкелді Жадыра, Базарова Мадина, Серікқызы Асыл, Кенжеков Данияр, Қайдарова Зинура, Әбдісеит Жалғас, Жүніс Назерке, Нұржанов Данияр және шетел бөлімі студенті Аббаси Аниш. Университеттің концерттік іс-шараларында ерекше өнерімен көзге түсіп жүрген 2 курс студенті Бекмұрат Ерке, сахналық шеберлігімен көрерменді тәнті етті. Коменданттар қатысуымен өткен конкурс кезеңіне, №7 жатақхана коменданты Қонақпаева Айнұр Алдабергенқызы қатысты. Ән айту өнері мен шеберлігі көпшіліктің көңілінен шықты.
Конкурстың қазылар алқасы шешімі ойынша SMU командасы «Ең үздік шығармашылықты топ» номинациясы иегерлері аталды. Қаламыздың алдыңғы қатарлы сән салондары, сауда үйлерінің сертификаттары және конкурс
конкурс дипломы берілді.
ДДББ деканы орынбасарлары А.Ш.Жылқыбаева, Э.А.Жакупбекова, Т.А.Рымбаева.