2018-2019 жылғы жазғы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс

2018 жылдың қыркүйек айының 11-і күні жалпы медицина мамандығында білім алатын 3-курс студенттерінің 2018-2019 жылғы жазғы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс өтті. Жиналыс барысында деканаттың жаңа құрамы таныстырылып, студенттердің үлгерімі, GPA мәселесі қозғалды. Жазғы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша  студенттер өздерінің оқу үлгерімі деңгейін көрсетті. 2- курста білім алған 39 топ арасында жоғары білім сапасын көрсеткені үшін жалпы медицина факультетінің 225-топ студенттері 1-орынға ие болып, арнайы сертификатпен марапатталды. Қазіргі таңда 326-топ болып атауы өзгертілген аталмыш топтың 2-курстағы топ жетекшісі физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Садыкова Эльмира Амангельдыевна. Кафедра оқытушылары топ студенттеріне жақсы тілектерін білдіріп, алдағы уақытта да ақ жол тіледі.

Физиологиялық пәндер кафедрасы

 Топ жетекшісі: Э.А.Садыкова

ЖМ 326-топ студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі