ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дюсупов А.З. және доцент Дюсупова Б.Б. 70 жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдардың конференциясы

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дюсупов А.З. және доцент Дюсупова Б.Б. 70 жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдардың конференциясы

Құрметті жас ғалымдар!

Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің даму стратегиясына сәйкес (бұдан әрі – Университет), ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылату үшін 2018 жылы 5 қазанда университетте ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Дюсупов Ахметқали Зайнолдаевич және доцент Дюсупова Бақытыбала Бексұлтановнаның 70 жылдығына арналған «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдардың конференциясын өткізу жоспарлануда.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ  «Ғылым және денсаулық» атты жас ғалымдардың конференциясы

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 қыркүйегіне дейін электронды мекен-жайға: smu.science2018@mail.ru. тіркеу картасын толтырып, қатысуға тезис және өтінімді беру қажет.

ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің СҒЗЖ диссертациясының негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіміне енгізілген «Ғылым және денсаулық сақтау» журналының қосымшаларына конференция материалдары жарияланатын болады.

Ұйымдастырушы: Семей қ. Мемлекеттік медицина университеті.

Конференцияның негізгі тақырыптары:

  1. Төтенше медицинаның қазіргі заманауи бағыттары, хирургия және травматология
  2. Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері
  3. Жүрек-қантамыр хирургиясы
  4. Онкология және ядролық медицина
  5. Жекелендірілген және зертханалық медицина.
  6. Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау.
  7. Постерлік баяндамалар.

 

Тезиске талаптар:

  • Статистикалық және орфографиялық тексерілген тезистер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады. Тезистерді smu.science2018@mail.ru электронды почтасына жіберілуі керек. Мәтін Word Times New Roman 14, 1.5 интервал арқылы, парақтың барлық жағынан 3,0 см қалыңдығы, 2 беттен аспайтын (A4 парақ өлшемі) теріледі. «Жас ғалымдар конференциясына жариялау үшін» деген атпен.

 

Конференцияға қатысу және конференцияға басылымдарды жариялау туралы барлық сұрақтар бойынша конференцияның жауапты хатшысы, Семей қ. ММУ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Эфендиева Эльнара Имдатқызына хабарласыңыз. Электронды почта Smu.science2018@mail.ru

Ұялы телефон: 8-747-790-21-81.

 

  1. Мәтінде қамтылуы тиіс:

• Тезистің тақырыбы және автордың (-лар) аты-жөні (-дер) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде («Мазмұны» үшін).

• Авторлардың жұмыс орны.

• УДК

• Тезисте зерттеудің өзектілігі, мақсаты, материалдары мен әдістері, зерттеудің және талқылаудың нәтижелері көрсетілуі керек.

  1. Жеке бетте автор туралы ақпарат беріледі.

• Толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, жұмыс орны.

• Толық почталық мекен-жайлар, кеңсе және үй телефондары, электронды почта (авторлармен редакцияның байланысы үшін);

  1. Талаптарға сәйкес келмейтін тезистер түзету үшін қайтарылады.
  2. Ақ қара түсті тезисті жариялау құны 1500 теңге/бет., түрлі түсті нұсқасы 2000 тн/бет. Төлем төмендегі банктік реквизиттер бойынша жасалады.
  3. Төлем тағайындау кезінде міндетті түрде аты-жөнін, «2018 жас ғалымдар конференциясында тезисті жариялау үшін» деп толық атауын көрсету қажет.
  4. Тезистерді аты-жөні, күні, қаласы көрсетілген сканерленген төлемақы туралы түбіртекпен жіберілуі тиіс.

Баяндамаларға қойылатын талаптар:

1. Баяндаманың мәтіні Power Point-те ұсынылған Word-да болуы керек.

2. Баяндаманың ұзақтығы 7 минутқа дейін, талқылау және сұрақтарға жауап беру

 3 мин.

3. Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Постерге қойылатын талаптар:

1. Постерді жобалау тілі қазақ, орыс немесе ағылшын тілдері.

2. Постердің ең үлкен мөлшері – 120 см 90 см-ге.

Конференцияға қатысу форматын көрсетуіңіз керек:

1. Пленарлық отырыста баяндамамен қатысу

2. Секциялық отырысқа қатысу

3. Тезисті жариялаумен баяндамасыз қатысу

4. Тезисті жариялаусыз баяндамасыз қатысу

5. Онлайн режимде баяндамамен қатысу, сертификаттарды жіберу қарастырылады.

 

Жол жүру шығындары және қонақүйде тұру келуші жағының есебінен.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: 8 (7222) 52 20 94 (1091). Ғылыми- зерттеу бөлімі:

Ғылыми-клиникалық жұмыс бойынша маман Джобалаева Багым Сасановна 8-702-525-56-28; ғылыми-зерттеу бөлімінің басқарушысы Байбусинова Әсел Жанартасовна 8-777-269-12-13. Конференцияның жауапты хатшысы, Семей қ. ММУ Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Эфендиева Эльнара Имдатқызы Email smu.science2018@mail.ru. Ұялы телефон: 8-747-790-21-81.

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс