#100есімSMU – ДИХАМБЕКОВ ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫ

#100есімSMU – ДИХАМБЕКОВ ЖЕҢІС КӘКЕНҰЛЫ

Дихамбеков Жеңіс Кәкенұлы 1960 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсті және осы аталған оқу орнын 1965 жылы «Физика және жалпы техникалық пәндер мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1967 жылы Семей медицина институтына физика пәні бойынша оқытушы қызметіне қабылданды. Ректор көмекшісі, кибернетика және математика курсы бойынша Физика, Медициналық физика және информатика кафедрасының меңгеруші міндетін атқарды. Сонымен қатар, Ақпараттық-есептеуіш орталығының бастығы болды. 30 жылдан астам уақыт емтихан қабылдаушы ретінде қабылдау комиссиясының жұмысына қатысқан және де қабылдау комиссиясының мүшесі: жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы болған. Кейін Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінде «Қазақстан тарихы және ЖББ»  кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеді.

Жеңіс Кәкенұлы 30-ға жуық ғылыми зерттеу мақаланың және медициналық оқу орнында физика-информатика пәндерін оқытуға арналған 6 оқу құралының авторы. М. Жанболатовтың «Тобықты Шыңғыстау шежіресі» көп томдық шығармасына демеушілік үлес ретінде техникалық редакторының бірі болды.

Дихамбеков Жеңіс Кәкенұлы Семей қаласының медициналық оқу орнында (СММУ) атқарған тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметтері үшін ҚР президентінің Алғыс хатымен (2001), денсаулық сақтау министрлігінің (1996, 2005, 2008, 2013) және оқу орнының құрмет грамоталарымен және алғысымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (1998) «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» (2013), «Адал еңбегі үшін» (2016) төс белгілерімен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016) марапатталды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі