«ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШІРУ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

2018 жылдың 27 қыркүйегінде  Cемей қаласының  мемлекеттік медицина университеті филологиялық пәндер кафедрасы «Латын әліпбиі» жобасы аясында  «Қазақ  әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша  ақпараттық насихат жұмыстары» атты республикалық семинар ұйымдастырды. Семинарда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  терминология және ономастика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері,  ф.ғ.к. Искакова Бақытгүл Дәуітбекқызы  қазақ  әліпбиіндегі латын графикасына негізделген  жаңа ережелерде қабылданған ұсыныс-пікірлер мен сөздердің  жазылу емелелері туралы ақпараттар берді.  Өткізілген шараға Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Талдықорған, Қарағанды облыстарынан тіл мамандары   және Семей қ. ММУ-нің  әкімшілік бөлімі, кафедра меңгерушілері, профессорлық оқытушы құрамы қатысып, латын графикасындағы  әріптердің  жазылуы  мен  айтылуы туралы пікір алмасты. Семинарға қатысушылар  латын әліпбиінің ережелері туралы   мәліметтер алып, сынама сауалнама толтырды.

Шара  соңында филологиялық пәндер кафедрасының  меңгерушісі М.Д. Жорокпаева   латын әлібиіне көшу туралы пікірлерімен бөліскен  қатысушыларға ризашылығын білдіріп, университет ректорының алғыс хатымен марапаттады. Университеттің кәсіподақ комитеті төрағасы  Н.С.Смаилов пен филологиялық пәндер кафедрасы оқытушылары  республикалық  семинардың өтуіне   көмек көрсетіп, қолдау жасады.

            Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Н.М.Абешова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі