«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЛАТЫН – ҚҰНДЫ МҰРА» АТТЫ КӨНЕ КІТАП КӨРМЕСІ

2018 жылдың 27 қыркүйегінде  Cемей қаласының  мемлекеттік медицина университеті филологиялық пәндер кафедрасы оқытушылары «Латын әліпбиі» жобасы аясында  Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлерін шақырып, латын қарпіндегі  басылымдардан жинақталған   «Рухани жаңғыру: Латын – құнды мұра»   атты көне  кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге  1929-1940 жылдары латын қарпімен қазақ тілінде жарық көрген 50-ден астам басылымдар қойылды. Кітаптардың авторлары, тарихы мен мазмұны жайлы  мағлұмат берілді. Латын қарпіндегі сирек көне кітаптар көрмесінде  ғылымның барлық саласынан, қазақ елінің тарихи кезеңдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өмірінен ақпарат беретін ұлт зиялыларының зерттеулері, ғылыми еңбектері «Қазақ тілі», «Химия», «Алгебра», «Биология», «Анатомия» сияқты мектеп оқулықтарымен қоса, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің латын қаріптерімен жазылған шығармалары туралы кітапхана қызметкерлері   ақпараттар берді. Көне кітап көрмесіне  қатысушыларға  латын қарпіндегі QR-кітап сөресімен және смартфондары мен планшеттеріне электрондық нұсқасын көшіріп алу жолдары  да  көрсетілді. Университет оқытушылары мен студенттеріне арнайы сирек кітап қорын жан-жақты таныса отырып, пікір алмасты.

 

Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Н.М.Абешова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі