Рухани жаңғыру – ХХІ-ғасыр талабы.

Рухани  жаңғыру аясында білім мен тәрбие  саласының  басты бағыт ұстанымы  –  жас буын өкілдері.  Иә, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, жаһандық өзгерістерге бейімделу,  әрі патриоттық рухты тәрбиелеу қашан да өзекті мәселе. Сол себептен біз 123- топтың студенттері, тек бір жақты медициналық біліммен шектелмей, тарихқа, өлкетану мұражайына баруды ұйғарды. Қазір не қымбат- уақыт қымбат дегендей, әрбір өткен минуттарымызды бос кетірмей, саналарымызға жан жақты білім нәрін құюға тырысамыз. Өйткені мәдени әрі рухани білімді дамыған адам ғана болашақта нағыз керекті, бәсекеге қабілетті өз ісінің  маманы бола алады. Сабақтан тыс уақытымызда облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайына барып қайтты. Облыстық тарихи-өлкетанулық мұражай жеті экспозициалық залдан тұрады. Бұл Семей өңірінің тарихын, оның палеонтология, археология, этнология, ұлы Отан соғысы жайлы тақырыптарын баяндайтын бай жәдігерлері бар жалғыз мұражай. Сонымын қатар Алаш қозғалысының тарихы, Семей ядролық сынақ полигоны тәрізді жаңарған экспозицисы бар. Көрме залдарында әр түрлі өзекті тақырыптарға және атаулы күндерге арналған көрмелер әрбір келушілерді бей- жай қалтырмайды. Барлық залдар көз жауын алады, бірінші тамашалған экспозициамыз- аймағымыздың физикалық-географиялық сипаттамасы, климаты өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Осы залда Қазақстанды мекендеген көне динозаворлардың, мамонттардың сүйегін тамашалдық. Келесі аса бір қызықты зал- археология залы. Тас, қола, ерте темір, орта ғасыр дәуірлерінің ескерткіштері көрсетілген. Үшінші зал бәрімізге қызықты әрі мағынасы зор болды. Себебі үшініші зал- Семей қаласына арналған. Осы қалада оқып, білім алғаннан кейін сол қаланың тарихын білу міндет деп санаймын. Бізді аса қызықтырған зал- «Алаш идеясы- тәуелсіздік тұғыры залы». Өте жарық, кең әдемі зал. Президентіміздің үлкен портретінен бастау алады. Тәуелсіздігімізге жету жолдары туралы толықтай баяндалған.  Шәкәрім, Абай, Мұхтар аталарымызды қалай айтып кетпеуге болмас. Осындай бабаларымызға келесі зал арналған екен.                                                                                                                     Міне, осылай Семей қаласының тарихы, ғылымы, мәдениеті, өнері  жайлы терең мағлұмат алды. Себебі біздің  еліміздің дамуына үлес қосу үшін әр кезде де жан- жақты өрісімізді кеңейте беруіміз қажет.

Дайындаған: Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының пәнінінің аға оқытушысы: Мұздыбаева Толқын Абдығалымовна

123 топтың студенті- Жиенбаева Алтынай

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір