#100есімSMU – Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Медицина ғылыми академиясының корреспондент-мүшесі Л.Қ. Қаражанова

Қаражанова Людмила Құсайынқызы 1943 жылы 6 қантарда Семей облысы Ақсуат ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Басқарағай ауданының Беген орта мектебін алтын алқамен бітірді. 1966 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша үздік бітірді.

Еңбек қызметін Павлодар облысының Успенка аудандық ауруханасында 1966 жылы бастады. 1968-1969 жылдар аралығында Павлодар облысы Успенка аудандық Кенесінің депутаты болды. 1969-1972 жылдар аралығында Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша арнайы аспирантурасын бітірді. 1972-1976 жылдар аралығында СММИ госпиталды терапия кафедрасының ассистенті қызметін атқарды. 1974 жылы 14.00.06 – кардиология мамандығы бойынша м.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәтбаева Райхан Әбікейқызының жетекшілігімен «Гипертониялық ауруы бар науқастарда қан ұю жүйесінің кейбір көрсеткіштерінің динамикасы» тақырыбымен кандидаттық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді. 1984 жылы СММА госпиталды терапия кафедрасының доценті. 1986 жылы «КСРО денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 1986-1988 жылдар аралығында Семей облыстық Кеңесінің депутаты. 1994 жылы факультеттік терапия кафедрасының меңгерушісі болды. 1994 жылы «Артериалды гипертониямен қатар жүретін созылмалы гломерулонефриттің клиника-функционалды, иммуногенетикалық сипаттамасы және оның ажырату емі» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, 14.00.05 – ішкі аурулар мамандығы бойынша медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1996-2003 жылдар аралығында СММА ғылыми жұмысы бойынша проректор және ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Л.Қ. Қаражанова бастамасымен 1996 жылы алғашқы рет Қазақстанның Шығыс өңірінде «Астма-Орталығы» ашылып, бронх демікпесі мен өкпенің созылмалы обструктивті аурулары мәселері бойынша бірқатар зерттеулер жүргізуге көмектесті. Жедел пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, бронх демікпесінің ауыр (гормонтәуелді) формаларының заманауи диагностикасының әдістері және емі қарастырылып, осы өңірдегі аурушаңдық пен өлімділікті азайтуға көмектесті.

1996 жылы ҚР Ғылым және білім министрлігінің жоғарғы аттестациялық комиссиясымен бекітілген медицина профессоры ғылыми дәрежесі беріліп, ҚР МҒА-ның корреспондент-мүшесі болып тағайындалды. 1996-2016 жылдар арасында Семей қ. терапевтер қоғамының президенті. 1998 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2003 жылы №2 терапия кафедрасының профессоры. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мадақтау алғыс хатымен, ҚР Білім беру министрлігінің мадақтау алғыс хатымен, Президент Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды. 2004 жылы СММА ішкі аурулар курсының меңгерушісі болды. Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері атанды. 2005 жылы «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» атты ҚР Ғылым және білім минстрлігінің грантын ұтып алды. Дәрігер терапевт жоғары біліктілік санаты тағайындалды. 2009 жылдан 2018 жылға дейін терапия бойынша интернатура кафедрасының меңгерушісі. «Өнертапқыш-әйел» номинациясында өнертапқыштық саласында Республикалық сайыстың жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Ғылым және білім беру министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері. 2008 жылы Семей қ. ММУ «Алтын стетоскоп» номинациясын иеленді. 2008-2015 жылдар аралығында Семей қ. ММУ «Жылдың үздік ғалымы» номинациясына ие болды. 2008-2016 жылдар аралығында Семей қ. ММУ «Үздік кафедра меңгерушісі» номинациясын иеленді.

2011 жылы Семей қ. ММУ «Ғылыми-клиникалық мектептің негізін салушы» құрметті атағы тағайындалды. 2012 жылы кардиология саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Кардиологтар қоғамының «Ақ жүрек» белгісімен марапатталды. «ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы» ҚР Ғылым және білім министрлігінің грант иегері. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және білім беру министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері. Қазақстан ғылымына қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері. Қазақстан әйелдерінің «Ажар» жетістіктері Өңірлік сайысы ұлттық сыйлығының жеңімпазы. Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасының – Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметі үшін «Алтын алқа» белгісімен марапатталды. 2017 жылы «Семей қ. ММУ еңбегі сіңген профессор» атағы тағайындалды.

Л.Қ. Қаражанова Қазақстанның Шығыс өңірінде нефрологиялық мектептің негізін салды. Профессор Л.Қ. Қаражанова «Астма орталығы» және «Артериалды гипертония мектебі», «ЖИА мектебі» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшісі; РОХМИНЭ мүшесі (Холтерлік мониторлау және инвазивті емес электрофизиологияның Ресейлік қауымдастығы); Ресейлік нефрологтар қауымдастығы мүшесі.

Профессор Л.Қ. Қаражанова 1000-нан аса ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде 12 монография, 57 оқу құралы, 65 өнертабыс және ҚР патенттер және 2 аударма оқулығының бас редакторы. Оның жетекшілігімен 35 ғылым кандидаттары, 4 медицина ғылымдарының докторлары, оның ішінде 3 PhD докторы даярланды.

 

 

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі