«Балалардағы тұмау және жедел респираторлы вирусты инфекция» тәжірибелік конференция

Жедел респираторлы вирусты инфекциялар (ЖРВИ) грипп, парагрипп, риновирус, РС вирус, метапневмовирус, бокавирус және аденовирустармен шақырылады. 2018 жылғы эпидсезонда республика бойынша  530 мың ЖРВИ жағдайы тіркеліп, лабораторлы 2118 жағдайда грипп анықталды. 2018 – 2019 жылғы эпидсезонда Денсаулық сақтау министірлігінің мәліметінше вирустың  A (H1N1) – Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, жәнеде  B – Колорадо, штамдарына қарсы егу жұмыстары қолға алынды. Денсаулық сақтау министірлігіне қарасты  Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің таратқан ақпаратына сәйкес ЖРВИ  эпидсезоны 2018 жылдың қазан айынан бастап, 2019 жылдың мамыр айына дейінгі аралықты қамтиды.

Осыған байланысты, 2018 жылдың 2 қазанында  балалар жұқпалы аурулар кафедрасында кафедра меңгеруші Эфендиев И.М. басшылығымен «Балалардағы тұмау және ЖРВИ» тақырыбына арналған тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Семей қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист -дәрігерлері, интерн-педиатрлар (705 және 706 топ) және «Жалпы медицина» факультетнің студенттері (415 және 448 топ) қатысты. Баяндамашы-кафедра завуч Мансурова А.А. өзінің баяндамасында 2017 жылғы «Балалардағы тұмау және жоғарғы тыныс алу жолдарындағы жедел респираторлы инфекциясы» және «Балалардағы жедел ларингит» емі мен диагностика хаттамаларына сәйкес тұмау және ЖРВИ-дің клиникасы, зертханалық диагностикасы, емханалық және стационарлық дәрежедегі емі туралы баяндады. Кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. балалардағы тұмау және ЖРВИ дың ауырлық дәрежесі, госпитализацияға көрсеткіш және балалардағы тұмау еміне кеңірек тоқталды. Конференция соңында «Тұмаудың арнайы алдын алу» туралы бейнефильм көрсетілді.

Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы 

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс