ЛАТЫН – ӘЛІПБИІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ТІЛІ, ҒАЛАМТОР ТІЛІ

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық еңбегінде қоғам мүшелерінің екі қағидатты түсініп, байыбына барудың қажеттігін атап айтқан еді: «Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек».  Қоғамда ерекше серпіліс, болашаққа деген зор сенім тудырған бұл  бағдарламада қазіргі жаһандану заманындағы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдай отырып, ішкі руханият үшін айрықша мәнді ұлттық болмыс пен ұлттық ентаңбаны (кодты) сақтаудың дара жолының ең маңыздысы – қазақ әліпбиіне реформа жасау керектігі айтылған.

Осыған байланысты Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті  филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары «Латын әліпбиі» атты жоба жоспарына  сәйкес  университеттің білім алушыларына   ақпараттық  насихат жұмыстарын жүргізілді. Іс – шарада латын әліпбиіне байланысты   бейнероликтерді көріп, пікір алысты. 

Латын әліпби негізіндегі жаңа  емеле ережелерімен яғни, әріптердің, түбір сөздердің,   қосымшалардың жалғануы, бөлек және бірге  жазылатын, қысқарған және шеттілдік сөздердің  жазылу емелелерімен танысты. Кураторлық  топтар арасында латын әліпбиін насихаттап,  жаңа  емеле  ережелерді үйрету үшін  волонтерлық топтар мен үйірмелер құру жоспарланды.

Латын – әліпбиі жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. Біз үшін латын әліпбиі- жаңа әлем. Себебі, басқа тілдерді тез үйренуге мүмкіндігіміз артады. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді.

 

Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы,

 «Латын әліпбиі» жоба мүшесі  Н.М.Абешова 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі