Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдалық іс-шара

Қазан айының 4-ші жұлдызында Семей мемлекеттік медицина университетің филология пәндер кафедрасының оқытушысы Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызының ұйымдастыруымен  жалпы медицина факультетінің 1 курс 116,124 кураторлық топ студенттерімен бірге куратор Жоргатаева Бакытгуль Аскербекқызымен  Семей қаласындағы №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдалық іс-шара өткізді.116,124 топ студенттері  «Қарттар мерекесі» күніне орай ауланы тазартып, бөлмелерді жуып, қарттарымызға көмек көрсетті. Қарттар үйіндегі қариялардың көңіл-күйін көтеруді  мақсат еткен студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Мың бұралған билер мен әуезді әсем әндер көңілі жабырқау жандарды бір серпілтіп,жүректеріне жылу берді. Шара барысында студенттер қарттар үйінің тұрғындары үшін әр түрлі сыйлықтар тарту етті. Қарияларымызда қарап қалмады.Студенттерге өздерінің ақ пейіл баталарын берді.

 

Филология пәндер кафедрасының оқытушысы,    «Абайтану», «Level up»  ұйымдарының

 жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы  

Жарияланды: