ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында СҒҰ отырысы

2018 ж. 03 қазан күні ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында студенттердің ғылыми ұйымының алғашқы отырысы өткізілді. Отырысқа  кафедра меңгерушісі Оразалина А.С.,   кафедра мұғалімдері Темекбаева Э.С., Таргынова А.Т., Елькенова Б.З. және ЖМ және стоматология факультеттерінің 1, 2 курс студенттері қатысты. Күнтізбесінде  кафедраның ғылыми проектері талқыланып, ұйым төрағасы мен хатшы тағайындалды, сонымен бірге құрылып отырған ұйымның жаңа атын  атауға және эмблемасын бекітуге арналған арнайы конкур жарияланды.  Талқылау барысында түрлі ғылыми бағытта жұмыс істейтің топтар анықталып, кафедра меңгерушісі, доцент Оразалина А.С. бұл ұйымдардың жұмыс істеу принциптерімен таныстырып, бірнеше мәселе қойып, бұл проекттерге жауаптыларды тағайындады.  

Таргынова А.Т., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс