Үздік студент; Үздік топ; Үздік ұйым; Үздік белсенді студент; Үздік ерікті

Үздік студент; Үздік топ; Үздік ұйым; Үздік белсенді студент; Үздік ерікті

Қымбатты, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің студенттері! Сіздерге келесі номинациялар бойынша байқау өткізілетінін хабарлаймыз:

  • Үздік студент;
  • Үздік топ;
  • Үздік ұйым;
  • Үздік белсенді студент;
  • Үздік ерікті

Байқауға қатысу үшін құжат – портфолио жинау керек, оның ішінде:

  • студенттің өмірбаяны, топ және ұйым туралы ;
  • GPA (транскрипт), оқу үлгерімі туралы ақпарат;
  • барлық жетістіктердің грамоталары, алғыс хаттар мен сертификаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары;
  • университетте жəне одан тыс өмірдегі белсенді жұмыстар туралы ақпарат;
  • байқауға қатысу туралы өтініш.

  Барлық құжаттарды Бас ғимарат,3-қабат, Жастар ісі жөніндегі комитет бөліміне өткіземіз!

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар