УНИВЕРСИТЕТКЕ ЭКСКУРСИЯ

Филология пәндер кафедрасының  оқытушылары  1-курс студенттерін  университеттің  оқу клиникалық орталығының симуляциялық  палатасына, педиатрия, хирургия оқу бөлмелеріне, анатомиялық  және университет   мұражайларымен таныстырды. Оқу клиникалық орталығында педиатрия  саласынан  оқытушы Н.Е.Мусабекова, хирургия  саласы бойынша Т.Д.Мержкупов барлық кабинеттердегі  емдеу құрылғыларын көрсетіп, студенттердің сұрақтарына жауап беріп,  болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыра түсті.  Кітапханшы  Г.Т Салихова  кітапхана жұмыстары, электронды кітапхана  туралы  толық ақпараттар берді.

Филологиялық пәндер кафедрасының  оқытушылары, топ кураторлары  Н.М.Абешова, Б.А.Жоргатаева.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар