«Студенттен-студентке» бағдарламасы – оқу үрдісін жетілдірудің құралы ретінде

Білім беру үрдісіндегі заманауи бағдарларды, студентке бағытталған тұрғыны ескере келе, "Студенттен-студентке" бағдарламасы аясында м.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында екінші жыл қатарынан «Биохимия білгіштері» атты үйірме жұмыс істеп келеді. Үйірме жұмысы студентттердің «Медициналық биохимия», «Мүшелер мен тіндер биохимиясы» пәндерін оқудағы қызығушылықтарын, ізденімпаздық белсенділіктерін дамытуға, конференциялар және т.б. өткізуге бағытталған.

Мұндай сабақтарда студенттер өздеріне қиындық туғызған сұрақтарды талдауда белсенділік көрсетіп, түрлі клиникалық есептерді шығарады, ағзаның биологиялық сұйықтықтарына талдау жасап үйренеді. Бірінші сабақты «Жалпы медицина» мамандығының 304 топ студенті Тұрдақын Думан өткізді.

 

Советов Б.С. – м.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия жәәне химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс