«Қыз Жібек» қыздар сырласу ұйымы

2018 жылдың қазан айының 5 күні "Қыз Жібек" қыздар сырласу ұйымының алғашқы таныстыру жиналысы №3 жатақхананың 1 дәріс залында өткізілді. Жиналыс барысында ұйымның жаңа мүшелері белгіленіп,  бас жетекші Осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының оқытушысы Табулдинова Гүлнұр Нұрлановнаның басшылығымен жылдық жоспар бекітілді. Биылғы жұмыс жоспарында бірнеше маңызды университет деңгейінде атқарылатын іс-шаралар белгіленді.  Үйымның студенттік жетекшісі 2 курс студенті Қабиева  Толғанай жатақхана қыздарына ұйымның бірнеше жыл атқарған  жұмыстарымен таныстырып, өткізілетін іс-шаралар жөнінде хабарландыру жасады. Сонымен қатар жиналыс барысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі идеялары жөнінде ұйымның тұрақты мүшесі Айтхалиева Әсел 1 курс студенттерін арнайы презентациямен таныстырды. Қорытынды бөлімде ұйымның барлық мүшелеріне тапсырмалар жүктеліп, жылдық жоспарғы шараларды іске асыру міндеттелді.

Ұйымның мүшелері

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар