М.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасындағы студенттік ғылыми үйірме отырысы

М.ғ.д., профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасындағы студенттік ғылыми үйірме жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру болып табылады және болашақ дәрігерлердің аналитикалық ой-танымын дамытуға, олардың ғылыми ой-өрістерін қалыптастыруға бағытталған, бұл дағдылар болашақта кәсіптік пәндерді оқуда қажет. 28 қыркүйек 2018 жылы кафедрада дөңгелек үстел түрінде  ғылыми студенттік үйірменің отырысы болып өтті. Мұнда СҒҮ жоспары, «2018-2019 жылдарда Семей қаласы ММУ студенттік ғылымды дамыту» атты жақсарты Жобасы талқыланды. Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің тақырыптары талқыланып, ғылыми жетекшілер бекітілді.

Дөңгелек үстел барысында үйірме мүшелері студенттік ғылыми жобалар және студенттік ғылымды дамыту бойынша өздерінің пікірлерін және идеяларын белсенді талқылады.

 

 

СҒҮ жауапты оқытушы Советов Б.С.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс