«Қарттарым асыл қазынам»

 Қазан  айының 1-ші жұлдызында  Халықаралық қарттар күніне орай «№1 Семей Арнайы Әлеуметтік Қызмет Көрсету Орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінде Семей Медицина университетінің Жалпы медицина мамандығы 327-топ студенттері қарттарға арналған мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс-шараның өткізілуіне  топ-жетекшісі Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының асистент-ұстазы  Қайдарова Сая Балташевна арнайы қатысты.  Аталмыш мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты мемлекет қарауына алынған қарияларға мерекелік көңіл күй сыйлап, қолдау көрсету. Үлкенді сыйлау ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Осы сөзді басшылыққа алып, ұрпақтарға ,яғни жастарға ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетіп, үйрету болып табылады. Қарттарға орай өткізілген кеш барысында мерекелік іс-шараның өткізілуіне зор ықпалын тигізген ардақты ұстазымыз Қайдарова С.Б. өзінің құттықтау сөздерімен бөлісті. Студенттеріміздің үлкен ықыласпен дайындаған өнерлері кеш қонақтарының көңілдерінен шығып, ардақты ата-апаларымыз жылы лебіздерімен , алғыстарын білдірді. Мерекелік іс-шара соңында қарияларымыздың өмірлік тәжірибелерімен ақыл-кеңестерін тыңдап, студенттер жүрек жарды жылы лебіздерін арнады.

 

 «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының асистент -мұғалімі

Қайдарова С.Б

«Жалпы медицина» мамандығының 3-курс студенті

Баяхметова З.Е.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір