СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ММУ СТУДЕНТТЕРІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚПЕН ТАНЫСУ ҮСТІНДЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамыту бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы іске асырылып жатыр. ҚҚЗТ және ЖББП кафедрасының ұйымдастыруымен осы жоба аясында шығарылған кітаптарды Семей қаласы ММУ студенттері жаңа оқулықтарды пайдаланып, қарқынды игеру үстінде.

Мемлекет басшысы айтқандай, – «жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті, қазірдің өзінде оның 18 кітапты қолданысқа шығарды». Семей қаласы ММУ стомотология мамандығының 1 курс студенттері  алғашқы 18 кітаптың ішіндегі «Тіл және мәдениетаралық коммуникациясы» авторы Тер-Минасова С.Г., «Тіл біліміне кіріспе», 10-басылым, В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамс, «Әлеуметтану негіздері», 9-басылым Д.Б. Бринкерхоф, С.Т. Ортега, Р. Уэйтс, Әлеуметтану теориясы, 10-басылым Д. Ритцер, Д. Степницки кітабтарымен таныстырылды.

Рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, «100 жаңа оқулық» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі рөлі зор бастама екендігін мойындау керек.

Мемлекеттік тілге аударылған оқулықтардың басты мақсаты – жоғары дәрежелі, жоғары сапалы білімнің қолжетімділігі болып табылады. Осындай бастамалардың арқасында еліздің жастары заманауи білімнің толқынына ілесіп, өз елінің мәртебесін асқақтатарына сеніміміз мол.

 

ҚҚЗТ және ЖББП кафедрасы оқытушысы  Қ.А. Нұрғазы.

 

Жарияланды: