Елбасының Қазақстан халқына кезекті жолдауы

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында қазақстандықтарға кезекті жолдауын жариялады. Осыған орай Семей Медицина университетінің профессор Ю. В Пругло атындағы паталогиялық анатомия жəне сот медицина кафедрасы кураторлық топтармен тəрбие сағатын өткізді. Тəрбие сағатында елбасымыздың жолдауының мəн мағынасын кафедра оқытушылары және 322, 318-топ студенттеріне түсіндіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Жолдаудың тақырыбы – «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Барлық студенттер жолдауды зер қоя тыңдап, қызу талқыға көшті. Тəрбие сағатының барысында студенттер жаңа мағлуматтар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауатарын алды.

Жарияланды: