«Жәмиля» орталығында тәрбиелік сағат

«Жәмиля» орталығында тәрбиелік сағат

2018 жылдың 5 қазанында 434 ағылшын тобы студенттері мен Козыбагарова А.А. атындағы перинатология кафедрасының оқытушысы Алимбаева С.С. ұйымдастыруымен «Жәмиля» орталығында тәрбиелік сағат болып өтті.

Бұл жиынға кафедра оқытушылары, 401,429,431 топ студенттері қатысып, ойлары тыңдалды. Академиялық адалдық туралы жалпы мәлімет беріліп өтті. Соның ішінде таза сессия қағидалары, адалдық ережелері, сессия барысындағы қатал жауапқа алынатын құқық бұзушылықтар жайлы да атап өтілді. Соның ішіндегі ең маңызды пукнттар ретінде қарастырылған: академилық адалдық құндылықтары; шынайылылық – студенттің әрбір тапсырманы бар зейінімен сапалы орындауы, авторлық құқықтың қорғалуы, студент пен студент және студент пен оқытушы арасындағы өзара сенімділік, ақпаратпен ашық түрде алмасу, жеке ой мен пікірге сыйластық таныта білу, сонымен қатар ережелердің барлық студенттерге бірдей екендігі және академиялық адалдықтың бұзылған жағдайында теңдей жазалатындығы жайлы айтып өтілді. 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі