«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ»

2018 жылдың 8 қазанында 434 ағылшын тобы студенттері мен Козыбагарова А.А. атындағы перинатология кафедрасының оқытушысы Алимбаева С.С. ұйымдастыруымен «Жәмиля» орталығында тәрбиелік сағат болып өтті.

Бұл жиын барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазанда халыққа ұсынылған «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауы қызу талқыланды.

Бұл жиынға кафедра оқытушылары Алимханова Э.К., Егежанова Г.М. 401, 431-топ студенттері қатысты. Отырыс барысында қатысушылардың ойы тыңдалды. Жолдауда атап көрсетілген медицина жайлы жаңалықтар талқыға салынды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты міндеттер қойды. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет екендігін атап өтті. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсыратынын айтты. «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс» деген пункт қызу талқыға салынды. Бұл шаралар кезектердің азаюына, қызмет көрсету сапасын арттыруға қолайлы екендігі айтылды. Біз медицина студенттері ретінде осы бастамалардың «Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда» деген сөзімен Жолдау қорытындыланды.

Ертеңгі ел болашағы – біздің қолымызда. Жолдауда көрсетілген 10 басымдықты атқаруға өз үлесімізді қосамыз деген пікірге келіп, жиынымызды қорытындыладық.

Бас қосу өз мәнінде, жоғары деңгейде өтті.

Жарияланды: