«Калай тамақтанасың, студент?»

2018 жылдың 4 қазанында 434 ағылшын тобы студенттері мен Козыбагарова А.А. атындағы перинатология кафедрасының оқытушысы Алимбаева С.С. ұйымдастыруымен «Жәмиля» орталығында тәрбиелік сағат болып өтті.

 Бұл жиын «Калай тамақтанасың, студент?» және «Студенттік өмір» тақырыптарына арналды.  Бұл жиынға кафедра оқытушылары Алимханова Э.К., Егежанова Г.М. және  401, 429, 431-топ студенттері қатысты.

«Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деген Президент сөзін қолдай отырып «Студент қалай тамақтанады?» деген тақырыппен сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Оның қорытындысы бойынша студенттердің құнарлы және уақытылы тамақ ішуге уақыттары жетпейтініне көз жеткіздік. Жақсы тамақтанудың денсаулық кепілі екендігі атап өтіліп, дәрумендерге бай азық-түліктер жайлы ақпарат бердік. Оған қоса, жиі тұтынуға болмайтын газдалған сусындар, фаст-фуд өнімдері жайлы да айтылды. Отырыс барысында қатысушылардың да ойы тыңдалды.

 

Жарияланды: