ҚР ҰҒА академиясының академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында Президент жолдауын талдау

ҚР ҰҒА академиясының академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары Тарғынова А.Т., Елькенова Б.З. «Жалпы  медицина» мамандығының 104,112 топтарында кураторлық сабақтарын өткізді. Сабақ тақырыбы   2018 жылғы 5 қазан күні мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауымен таныстыру мақсатында өткізілді.  Сабақ барысында жолдаудағы Елбасымыз атап кеткен негізгі бөлімдер қарастырылды:

І. халық табысының өсуі

II. тұрмыс сапасын арттыру

III. өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру

IV. азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат

V. тиімді сыртқы саясат

VІ. әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы

 

   Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық           биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

Жарияланды: