ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

 Филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі  ф.ғ.к. Жороқпаева М.Д. 12.10.2019. кафедра оқытушыларымен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.НАзарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты семинар өткізді.

Мейрамгүл Досанқызы жолдаудағы халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат және тиімді сыртқы саясат жайлы айтып өтті. Семинар барысында оқытушылар  өмір сүру деңгейінің артуы, білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты мәселелерді, сонымен қатар жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетіні жайлы, гранттардың санын көбейтілуі жайлы, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігі,  қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру мәселелері туралы

талқылады.

 

Филологиялық пәндер кафедрасы

                                          

Жарияланды: