«Студент – донор» ұйымының ашылуы

ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында «Студент – донор» ұйымының ең бірінші жиналысы өтті.  Ұйымның ғылыми кеңесшісі б.ғ.д. Мынжанов М.Р. Жиналысқа ұйымның ғылыми жетекшісі Елькенова Б.З. және ұйым мүшелері, «Жалпы медицина» және «Стомотология» факультетінің 1- 2 курс студенттері Бижуманова Айдана – 230 топ, Аскаров Амирлан – 230топ, Қанағатов Аңсаған – 230 топ, Садыкова Анар – 103топ, Максутова Айкерим – 104 топ, Сайлаубек Ернар – 104 топ қатысты. Кездесудің бірінші бөлімінде Аскаров Амирлан Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің 10 студентінің «Семей қаласының қан орталығына» алғашқы қадамы туралы баяндады. Баяндама қызығушылықпен тыңдалып, келесі мәселелер қарастырылды : ұйымның атуы, девизі және эмблема. Сонымен қатар студенттерді ұйымның жылдық жоспарымен таныстырып, «Студент-донор» ұйымының қатысушыларына жеке міндеттемелер мен тапсырмалар бөлініп берілді. Проекттің басты мақсаты студенттердің бойында жақынға көмек, кішіпейілділік, жанашу сияқты қасиеттерді дамыту, сонымен бірге ауқымды волонтерлік жұмысқа тарту және 1 курс студенттерін тәжірбиелік медицинамен таныстыру болып келеді. Студенттердің электрондық донорлық базасы құрылуы жоспарлануда.

Елькенова Б.З., ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар