Ұстаздар күнімен құттықтау

2018 жылдың 8 қазаны күні Семей қ. Медицина университетінің  дипломға деінгі білім беру факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 232 кураторлық топ студенттері,  кураторы қалыпты физиология кафедрасының  доценті Сайдахметова Айгуль Сайдахметовнаның бастауымен,  қалыпты физиология кафедрасы оқытушыларын Ұстаздар күнімен құттықтау мақсатымен кураторлық сағат өткізді.

Шара барасында студенттер қонақтарға 3 тілде өлең шумақтарын оқып, əдемі би мен əсем əндерін арнады. Оқытушылар студенттерге өмір жолдарын айтып, өздері таңдаған мамандықтарының қызықтары мен қиындықтарын айтып бөлісті.     

Шара ұстаздардың студенттерге ақ тілегін айтуымен аяқталды.

 

Сайдахметова А.С.

Қалыпты физиология кафедрасының доценті.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір