« Дастан » кинотеатрына саяхат

Біз, Семей медицина университетінің «жалпы медицина» мамандығының 314-топ студенттері кураторымыз, ішкі аурулар пропедевтика кафедрасының ассистенті Л.К. Жазықбаевамен бірге   07.10.2018 күні  «Дастан» кинотеатрына барып қайттық. «Мотылек» атты фильмды көру  біз үшін қатты әсер қалдырғаны сөзсіз. Фильмнің мазмұны негізінен шынайы өмірден алынған.Бостандық пен еркіндіктен айырылған адам өмірін сипаттайды. Бірақ бас кейіпкер өмірде қанша қиындықтарға тап болса да, өзінің бойындаға рухты күші мен ерік-жігері  еркіндікті табуға көмектеседі.Фильмнің бізге берер негізгі насихаты –«Ешқашан үмітіңді үзбе» ( 314-ЖМ студенті Болатжан Март)

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір