«Есірткі- қоғам дерті»

Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі есірткіге құмарлық болып табылады.Оның ішінде  халық арасында «спайс» деген психобелсенді зат кең таралып, әсіресе жастар зардап шегуде.

Соған байланысты «Есірткі- қоғам дерті» туралы «Жұқпалы аурулар және иммунология» кафедрасында жалпы медицина факультетінің 237 топ студенттерінің  ұйымдастыруымен кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттер арасында спайс деген психобелсенді зат туралы толық дұрыс мағлұмат беру, студенттерге ол заттан аулақ жүру керектігін жеткізу. Сабақ барысында тақырыпқа сай видео дайындалды, суденттер өзара топтарға бөлініп талқылау жұмыстарын жүргізді. Әр топ оның ішінде әрбір студент спайс, есірткі туралы өз ойларың кластер, слайд шоу,плакат арқылы түсіндірді. Сабақ соңында студенттер кері байланыс өткізіп, сабақты қорытындылады. Әрбір студент өткізілген сабақтан, естіп, көріп түсіндірілгеннен өздеріңе тағылымды ой түйді, сабақ алды. Кураторлық сағат өте әсерлі өтті, барлық студенттер белсенді қатысты.

Топ кураторы:  Козубаева Д.Б.

Жарияланды: