«Латын тіліне көшу – заман талабы»

«Латын тіліне көшу – заман талабы»

3.10.2018 жылы  ЖМ  факультеті 110 топтың кураторы Алина Г.М және филология пәндері кафедрасының оқытушылары Абешева Н.М., Жайырбаева Ж.К, тағы басқа оқытушылар  «Латын тіліне көшу – заман талабы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл іс- шараның мақсаты –студенттерді латынның әліпбиімен, латын тіліне көшу  қажеттілігімен таныстыру болды. Студенттерге қазақ әріптері мен сөздердің латын әліпбиінде жазылу үлгісі мен таныстыру үшін анықтамалық қағаздар таратылды. Студенттер сөздерді өздері жазып жаттығуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен қысқа метражды фильм көрсетілді. Ол жерде Елбасымыз латын әліпбиіне көшу қажеттілігі туралы айтты. Топтағы студенттер өз ойларын оқытушылармен бөлісті. Барлығы берілген ақпаратқа қанағаттанды.

Жарияланды: