Елбасымен бірге болашаққа бағдар!

Елбасымен бірге болашаққа бағдар!

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бүгінгі таңда Семей қаласының № 27 орта мектебінің 11 сынып оқушылары үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасағалы отыр.

Алтын ұя – мектептен ұшқалы отырған түлектердің бірі болашақ мамандығын таңдап қойған, бірі әлі ойлану үстінде. Әрбір түлектің алға қойған мақсаты ұшқыр және көз қарасы әртүрлі. Оларға және ата-ана үшін бұл үлкен жауапкершілік. Мектепті емтихан тапсырып бітіру, кейін ұлттық бірыңғай тестілуден өту – бұл бір үлкен сын.  Көздерінде сенімсіздік пен алаңдаушылық оты бар. Осы қорқыныш сезімін кетіру мақсатында біз –  Семей мемлекеттік медицина университетінің ревматология және инфекциялық емес кафедрасының 1 курс резиденттері мен осы жас кафедраның құрылуына көп үлес қосқан кафедра меңгерушісі м.ғ.к Горемыкина М. В. бастаған  Елбасының «Рухани жаңғыру» атты программасына өз үлесімізді оқу ағартулық  бағытпен  қосуды жөн көрдік. Түлектермен танысып, «Рухани жаңғыру» атты дайындалған презентациямыздың тақырыбын ашып, мән-мағынасын түсіндіріп, кері байланыс жасадық. Өз ойларымыз бен бөлісіп, пайдалы кеңестерімізді аямадық. Қуантарлығы, арасында «дәрігер боламын!» деген түлектер де болды. 

Жарияланды: