“Болашақ ұрпақ – ел тағдыры”

Бiздiң халқымыздың балаға деген ықыласы ерекше. Әсiресе, «бала – бауыр етiң», «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген даналық сөздерден-ақ атам қазақтың балажан халық екенiн аңғаруға болады. Ұлы Абай атамыз «адамның бiр қызығы бала деген» деп бұл ұғымды бiр ауыз сөзбен түйiндеп берсе, әлемдiк данышпандары «бар жақсымыз — балаларға» деген екен.

Халқымыз ұрпағымды көбейтедi деп ұлды, өрiсiмдi кеңейтедi деп қызды ерекше құрмет тұтып, тәрбиесiне аса терең мән берген. Амал не, бүгiнде бiреулер үшiн басты байлық болған, ендi бiреулер жөргегiн иiскеуге зар болып жүрген перiштедей нәрестелерiмiз тастанды сәби атанып, ананың аялы алақаны мен әкенiң мейiрiмiн сезiнбей өсiп келе жатыр. Өте өкiнiштi-ақ. Дегенмен, қазақы пейiл мен дархандығымыздың арқасында жетiм деген суық сөздi ешбiр бала естiмей-ақ қойса екен деймiз.

Қалай дегенмен ананы ешкiм алмастыра алмасы анық. Қамқорлықсыз қалған балаға аялы алақан мен шексiз қамқорлық қажет.                                                                       

Семей қалалық халыққа білім беру бөлімінің шешімімен №8 балалар үйі 1936 жылдан бастап бастау алған екен. Біз Семей Медицина Университетінің жалпы медицина мамандығының 332 және 323топ студенттері кураторымыз Жамиля Болатовнаның бастауымен 9 қазан күні айтылған балалар үйіне бардық. Өзіміз дайындап барған концерттік сценарий және сыйлықтарымызбен кішкентай бүлдіршіндерімізді бір қуантып қайттық. Бізді көріп балалардың да қуаныштарында шек жоқ. 

 Бiздiң қоғам үшiн баланың денсаулығы басты байлық. Өйткенi, ол – елiмiздiң ертеңгi тағдыры, мемлекетiмiз тұтқа ұстар азаматы. Сондықтан, қазақ жастары, “қазақ қызы” мен “қазақ жігіті” деген атқа сай болайық! Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамнан екенімізді естен шығармайық!    

 Т.А.Назарова атындағы патологиялық физиология кафедрасы. Топтың кураторы:  Қасымбай Ж.Б.  

                                                 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар