Семей қ.ММУ жатақханасында тұратын студенттермен кездесу

Жатақханада тұратын студенттердің жағдайын жақсартуға бағытталған өзекті сұрақтарды көтеру мақсатында 09.10.2018ж., 11.10.2018ж.,12.10.2018ж. ОӘТЖ проректоры Жанаспаев М.А. және дипломға дейінгі білім беру деканатының декан орынбасарлары Жакупбекова Э.А., Шуакбаева Ж.Р., Бужеева А.С. Семей қ.ММУ №1, №2, №3 жатақханларын аралап, студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, декан орынбасарлары жатақхана тәртібі, өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігімен таныстырып, «Жатақхана – сіздердің тұратын орны ғана емес, сонымен қатар жаңа әлеуметтік микроорта, онда әрбір студент бір-бірімен және жатақхана қызметкерлерімен мәмлеге келе білу керек» екенін жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта студенттерді толғандырып жүрген мәселелер және жатақханада тұратын ерекшеліктерін атап өтті. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жатақханада тұру жағдайын жақсартуға бауланысты ұсыныстары мен өтініштеріне ОӘТЖ бойынша проректор М.А.Жанаспаевтан ұтымды жауаптарын алды.

Жиналыс соңында, ОӘТЖ бойынша проректор М.А.Жанаспаев  студенттерге жаңа оқу жылы жемісті және сәтті болуына тілектестігін білдірді!

 

Дипломға дейінгі білім беру деканаты

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі