Кураторлық сағат және психологпен кездесу

15.10.2018 ж. 106 топ студенттері психолог Асылбекова Айгерім Мұхаметбековнамен кездесті. Тренинг басталмас бұрын куратор пән саясатымен таныстырды: ондағы студенттердің міндеттерін, құқықтарын түсіндірді.

Тренинг салемдесумен басталды. Сосын қызықты жаттығулар жасап, барлық студенттердің көңілдері көтеріліп, оқудан біраз ойлары бөлініп, сергіп калдық. Топ студенттері бір-бірі жайлы жаңа ақпараттар біліп, жақынырақ танысты. Тренинг соңында топтық жұмыс жасалып, ұйымдылдық жағы да байқалды. Жалпы, тренинг көңілді, әрі пайдалы болды. Тренинг соңында студенттер осындай кездесулер жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді. 

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір