Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2018 жылдың 16 қазанында Семей мемлекеттік  медицина университетінде 109 жалпы медицина факультетінің  топ студенттері Қазақстан Республикасы Президенті     Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауын тыңдады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында:

1.Халық табысының өсуі

2. Тұрмыс сапасын арттыру

3.Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру

4.Азаматтар сұранысына бейімделген ақпарат

5.Тиімді сыртқы саясат

6.Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы атты міндеттер қойды.

Студенттер 2.6 «Медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік әл-ауқатының маңызды құрамдас бөлігі» атты бөлімінен медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді, медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшу, электронды денсаулық паспорттарын жасау, Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы басталатыны жайлы ақпараттарға  өз пікір-көзқарастарын білдірді. Білім алушыларға Елбасының: «…Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын»,- деп атап көрсетке алтыншы міндетіне де қызығушылық таныта отырып, жауапкершілікті істерге жастардың қосар үлестерінің бар екенін айтты.

109 ж/м топ куратор  М.Д Жорокпаева

Жарияланды: