Елбасының жолдауымен танысу

     2018 жылдың 17 қазанында Елбасының Қазақстан халқына жолдауымен Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті жалпы медицина мамандығының 1 курс 116, 122 топ студенттері танысты.

     Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Б.А.Жоргатаева мен Қ.М.Белеуханова студенттерге жолдаудың 6 бағыты яғни, халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы туралы мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, таныстырды.

 

Филологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы,

116 топ кураторы Б.А.Жоргатаева

 

 

Жарияланды: