2018 жылдың 18 қазанында Семей мемлекеттік медицина университетінде 113 жалпы медицина мамандығының топ студенттері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын тыңдады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың негізгі 6 міндетпен танысып, мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, таныстырды. Білім алушыларға Елбасының: «…Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын»,- деп атап көрсетсе алтыншы міндетіне де қызығушылық таныта отырып, жауапкершілікті істерге жастардың қосар үлестерінің бар екенін айтты.
ЖМ 113 топ студенті Абеков Ғалымбек ,
куратор Н.М. Абешова