Тәуелсіздік алғанна бері 27 жыл ішінде елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Еліміз заманауи дамыған прогрессивті мемлекет болып дамудамыз.
Қазақстанда құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргізілді.
Еліміз халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткізді.Тәуелсіздік алғаннан бері посткеңестік елдер арасынан бірінші болып ғаламдық масштабтағы іс шараларды өткізді. Атап айтқанда ЭКСПО-2017, OBSE, Азияда және т.б. Қазақстан болашаққа нық қадамдармен ҚР прзиденті Н.Назарбаевтың жолдауларында көрсетілген жоспарлармен, жобалармен идеялармен қадам басуда. 2018 жылдың 5 қазанында еліміздің президенті 2019 жылға арналған "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ" туралы жаңа жолдауды ұсынды.
Осы жолдауды қарастыру мақсатында Осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП пәндер кафедрасының оқытушылары отырыс өткізді. Кафедра оқытушылары жолдаудың білім беру мен денсаулық сақтау саласына байланысты аспектілеріне терең тоқтап, өз ойларын ортаға салды.
Осы заманғы Қазақстан тарихы мен ЖББП
кафедрасының аға оқытушысы С. Купанова