Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақстандық әл-ауқаттың артуы: өмірдің сапасын жақсарту және табыстарды жақсарту» атты жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 10 қазанда Семей қаласының белсенділерімен және зиялы қауымдастығымен кездесті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, инвестиция және даму министрлерінің орынбасарлары және ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Жолдаудың негізгі бағыттары: кірістерді арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, тұрғын үйге қолжетімділік және ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөз қозғады.
КазИГЗУ-ң бас ғимаратында өткен осы кездесуге университеттің атынан ректор Е.Жунусов, проректорлар М.Жанаспаев пен А.Барсуков, жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы А.Құлғымбаева, шетел бөлімінің деканатының әдіскері Л.Мигина және осы заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы С.Купанова және оқытушы Д. Рыманов қатысты.
Осы заманғы Қазақстан тарихы мен ЖББП
кафедрасының аға оқытушысы С. Купанова