Қазан айының 12 жұлдызында Сыдықова Бибінұр Қабдығалиқызы өзінің кураторлық жалпы медицина факултетінің 316 және денсаулық сақтау факултетінің 301 топ студенттерімен бірге Ф.М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театрына барды. Режиссер А.Ораловтың "Тринадцатая звезда" (притча) атты қойылымын тамашалады.
Тринадцатая звезда" қойылымы өмірдің кейде ережесіз күрес іспеттес, бұрылысы мен бұрмалаңы көп күрделі де қиын жол екендігін көрсетеді. Əрі бұл арпалысқан жолда жеңіске жетуге тек қана мықты ерік күші, сенім мен махаббат септігін тигізеді.
Оқиға достық, сатқындық, махаббат жəне сол махаббат үшін адамның өзін құрбан етуі, адалдық пен арамдық туралы. Сондай-ақ, мұндағы басты кейіпкерлер – бəйгеде шабатын қояндар болғанымен, қойылымның өзін ертегіге теңеу қиынға соғады. Ол тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған. Жас бүлдіршіндерді өмірдің мəн-мағынасын ұғынып, маңызды шешімдер қабылдауға, ол үшін үлкен жауапкершілікті мойынға ала білуді үйретсе, ересек жандарға адамзат тіршілігінің алғашқы негіздерін еске салмақ.
«Қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина» кафедрасы
316ЖМ