“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында 105, 106 стоматология мамандығы бойынша топтар, Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 202 топ жетекшілері Калбагаева Ж.Е, Мукушева А.А. және Атабаева А.А., сонымен қатар қоғамдық денсаулық және дәлелді медицина кафедрасында тәрбие жұмысы бойынша жауапты оқытушы Сыдықова Б.Қ. бірге Семей қаласының Невзоровтар отбасының музейіне барды.Музейде отандық қаламгерлердің туындылары өте қөп, соның ішінде А. Кастеев, С. Калмыков, Л. Леонтьев, А. Черкассков, А. Галимбаевв, Е. Сидоркин, П. Зальцман, Г. Исмаилова, С. Мамбеев, Ж. Шарденов, К. Брюллова, В. Тропинина, А. Венецианова, А. Мокрицкий, Е. Крендовский, И. Хруцкий, Устианович, И. Крамский, Н. Ге, В. Маковский, Н. Богданов – Бельский, Н. Дмитриев – Оренбургский, В. Максимов, А. Корзухин, И. Куликов, А. Архипов, С. Иванов, Н. Касаткин, П. Кончаловский — бұл есімдермен қатар басқа да есімдер советтік өнер дамытушылар қатарында ойып тұрып алатын орындар өте көп. Бұл атақты есімдер қатарына қазіргі таңда жас суретшілерде қосылып жатқандар аз емес. Қазіргі таңда Қазақстандық қыл каламгерлердің қатары 2000 астам туындылары көрсетілген. Невзоровтар отбасысы Семей қаласына баға жетпес байлық тарту етіп отыр. Өнер танушылар арасында бұл отбасының ісі алға кояр мақсат, үлгі ретінде алуға болады. Әр залды таныстыру барысында студенттерге ерекше атмосфера сезілгендей болды.
«Қоғамдық денсаулық және
дәлелді медицина» кафедрасы