17 қазанда филологиялық пәндер кафедрасының топ кураторлары 1 курс 101,102,117,118,124,126, 131,132 топ студенттерімен «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Діни экстермизм – қоғамда қалыптасқан діни құндылықтар мен ұстанымдарды мойындамау, сонымен қатар осыған қарсы «идеяны» аггресивті түрде насихаттау.
Тәрбие сағатында студенттер мемлекеттік заңнамалық актілермен таныс болды: ҚР Конституциясы, «Экстермизмге қарсы іс – әркеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламасы, «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары, сонымен қатар ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490 бабы, 1 және 3 бабы. Діни экстремизм тақырыбы қазіргі таңда өте белсенді айтылуда, ол студенттермен бекерге зерттелген жоқ. Себебі, дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып табылады. Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағымен же таныс болуы керек.