Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында қазақстандықтарға кезекті жолдауын жариялады. Осыған орай Семей мемлекеттік медицина университетінің балалар стоматологиясы кафедрасы кураторлық топтарымен (301,303,305,506,304,605,606 стом) тəрбие сағатын өткізді.
Жолдаудың тақырыбы – «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Жолдауда денсаулық сақтау жүйесі туралы айта келсек, медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты екенін атап өтілді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғары білім беруде оқу орындарында дайындық сапасына қойылатын талаптар артады. Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы, жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажеттігі, қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру мәселелері туралы талқыланды. Барлық студенттер жолдауды зер қоя тыңдап, қызу талқыға көшті. Тəрбие сағатының барысында студенттер жаңа мағлұматтар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауатарын алды.
Балалар стоматологиясы кафедрасы
Кафедра меңгерушісі: Абралина Ш.Ш