542 топ студенттері және топ кураторы к.м.н., профессор РАЕ Адильгожина Салтанат Муратбековнамен бірге 2018 жылдың 17 қазан күні Елбасымыздың жолдауына байланысты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында топ студенттері елбасы жолдауының денсаулық сақтау мен білім беру жайлы айтылған басты мақсат-міндеттерін ерекше атап өтіп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Студенттер өзара елбасы жолдауын талқылап, түсініксіз жерлерде топ кураторынан нақтылап, шағын дисскусия болды. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ. Біз болашақ ұрпақ әрдайым Көшбасшымыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз. Ендеше Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы нақты істерге негізделгенімен құнды.
Категориясы: Оқу процесі
Осы жазбамен бөлісу