2018 жылдың 17 қазанда «Рухани Жаңғыру» аясында медициадағы IT технология кафедрасы оқытушылары 1 курс cтоматология факультетінің 101,102,103 топтары, қоғамдық дансаудық сақтау факультетінің 101,102, мейірбике ісі 101 топ, фармация 101 топ студенттерімен бірге университеттегі М.Маметова атындағы мұражайға экскурсия жасады.
Мұражайға барудың мақсаты студенттердің азаматтық-патриоттық сезімдерін және жоғары патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанына адалдық сезімін қалыптастыру болды.
Экскурсия барысында мұражай меңгерушісі Шаймерденова А.Ж. студенттерді мұражайдың ашылу тарихымен және Даңқ шайқасына арналған стендтермен таныстырды, Соғыста қатысушылардың тағдыры туралы материалдарды іздестіру туралы әңгімеледі. Мұражайында Мәншүк Мәметова жайында материалдар ұсынылған. Жас қазақстандық қыздың ерлігі студенттерге үлкен әсер қалдырды.
Экспозицияда студенттер батырлардын жеке заттарымен, құжаттарымен танысты мұражай экспонаттары үлкен қызығушылық туғызды.